Өскеменде жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты өтеді

Өскеменде жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады Olympic.kz. 

Жабық ғимараттағы ел біріншілігі 22-24 қаңтар аралығына жоспарланған. Республикалық дода Ольга Рыпакова атындағы манежде өтеді. Турнирге қатысуға 286 атлет өтініш жіберген.

Айта кетелік, Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған дәстүрлі турнирдің де жалауы желбірейді.