Конькимен жүгіруден әлем кубогында қазақстандық спортшы жүлдегер атанды
Херенвенде (Нидерланд) конькимен жүгіру спорты бойынша әлем кубогы өтіп жатыр.
Ерлер арасында 1500 м қашықтық бойынша қазақстандық спортшы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҰОК сайты.
Қазақстандық конькиші Виталий Щиголев «В» дивизонында ел қоржынына кіші қола медаль салды. Ол 1500 м қашықтықты 1:47.195 уақытта бағындырып, өз тобында үшінші орын алды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының мүшелері Дмитрий Морозов 9-орынды місе тұтса, Демьян Гаврилов 11-орынан көрінді.