Роберт Левандовски карьерасындағы 500-голын соқты

Роберт Левандовски карьерасындағы 500-голын соқты

Мюнхеннің «Бавария» клубының форварды Роберт Левандовски Бундеслига аясында «Шалькеге» қарсы матчта (4:0) карьерасындағы 500-голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шабуылшы голдарын бес команда сапында соққан: «Знич Прушкув» – 21, «Лех» – 41, «Боруссия» Дортмунд – 103, «Бавария» – 272, Польша құрамасы – 63.

Карьерасы аяқталмаған футболшылар арасында Левандовскиден бөлек 500 голға жеткен үш ойыншы бар, олар: Криштиану Роналду, Лионель Месси және Златан Ибрагимович.

Осы маусымда польшалық шабуылшы Германия чемпионатының 17 матчында 23 рет қанжығасын майлаған.