Бейбіт Шүменов Америкада өтетін жекпе-жекке қатыспайды

Бейбіт Шүменов Америкада өтетін жекпе-жекке қатыспайды

Қазақстандық биатлоншылар әлем чемпионатына кешенді дайындықты бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олар Польшада жаттығып жатыр және сол жердегі ашық Еуропа чемпионатына қатысады. Байрақты бәсеке бүгін басталады. «Бұл дүниежүзілік дода алындағы маңызды қадам» дейді бас бапкер Мақсат Шаранов. Өзге спорт жаңалықтары алдағы топтамада.

ҚҰРЛЫҚТЫҚ ХОККЕЙ ЛИГАСЫ

«Барыс» негізгі бәсекелесіне есе жіберді. Құрлықтық лига аясында «Барыс» пен «Трактор» командалары жолыққан. Нұр-Сұлтан қаласында өткен матч қонақтардың жеңісімен аяталды. «Трактор» ойыншылары алғаш болып есеп ашты. Артынша Егор Петухов таразы басын теңестірген. Екінші және үшінші кезеңдерде де осындай жағдай тағы қайталанды. Бірақ ең соңғы минутта Кертис Волк соққан шайба есепке алынбады. Осылайша, 2:3 есебмен Челябі қаласының хоккейшілері жеңіске жетті. Айта кетейік, «Барыс» пен «Трактор» ұпай көрсеткіші жағынан шамалас және Шығыс Конференциясындағы негізгі бәсекелес саналады. Соңғы матчтан кейін қонақтар 2 ұпай алға шығып, турнир тізімінің 5-ші сатысына жайғасты. Ал «Барыс 8-ші орында. 

ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРТІЛДІ

Үстел теннисінен жолдама алу жеңілдеді. Халықаралық федерация іріктеу талаптарына өзгеріс енгізіп, ұпайы төмен спотшыларға мүмкіндік ашты. Негізі олимпиадаға әлемдік рейтингтегі үздік 13 адам қатысады. Ал оған іріктеу әлем чемпионаты сияқты ірі аламандарда өтеді. Енді жаңа талап бойынша қосымша турнирлер ұйымдастырмақ. Сәйкесінше, сол бәсекелерде де жоғары ұпай жинап, олимпиада жолдамасын алуға болады. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрлігі басқармасының басшысы Айгүл Бектенова бізге берген сұхбатында айтты. Осыған байланысты қаңтардың басында ел чемпионаты ұйымдастырылып, ұлттық құрама жасқаталды. Енді іріктеу сындарына дайындалады. Ал Қазақстан құрамасының үздігі Кирилл Герасименко қазір Германияда шеберлік шыңдап жатыр.

БЕЙБІТ ШҮМЕНОВ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚАТЫСПАЙДЫ

Бейбіт Шүменов жекпе-жекке қатыспайды. Қазақстандық боксшы бірер күннен кейін Америка төрінде өнер көрсетуі керек еді. Голливуд қаласындағы жекпе-жек кешінде WBA тұжырымы бойынша чемпиондық белдік қорғалады деп жоспарланған. Бірақ бұл сынға отандасымыз бармайтын болды. Себебі белгісіз. Бұл жөнінде оның қарсыласы Рафаэль Мерфи мәлімдеді. Жарыс ұйымдастырушылары да бұл жаңалыққа аң-таң. Өйткені, жекпе-жек 29-шы қаңтарда өтуі керек еді. Енді Бейбіт Шүменовты чемпиондық белдігінен айыруы мүмкін. Айта кетейік, қазақстандық боксшы ең соңғы рет 2018 жылдың жазында шарша алаңға шықты. Елорда төрінде түркиялық Хизни Алтункаяны жеңіп, бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы атанды.