Неймар ПСЖ сапында қала ма?

Неймар ПСЖ сапында қала ма?
Новости спорта

«Пари Сен-Жерменнің» шабуылшысы Неймар клубпен келісімшартын ұзартуға келісті, деп жазады vesti.kz.

Тараптар алдағы бірнеше апта ішінде жаңа келісімге қол қояды, деп хабарлады беделді журналист Николо Скира.

Неймардың ПСЖ-мен қазіргі келісімі 2022 жылға дейін жасалған. Бразилиялық шабуылшы париждік клубтан кетуге құлықты емес, сондықтан тараптар арасындағы жаңа келісім ұзақ мерзімді болады.

2020/2021 жылғы маусымда Неймар ПСЖ сапында 9 матч өткізіп, 5 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. Қазіргі уақытта париждік клуб Франция чемпионатында екінші орында тұр. Маусым барысында «Пари Сен-Жермен» бас бапкерін ауыстырған болатын, Томас Тухель қызметінен босатылды, ал оның орнына Маурисио Почеттино келді.