Теннис: Рыбакина мен Путинцеваның Мельбурн турниріндегі қарсыластары анықталды

Теннис: Рыбакина мен Путинцеваның Мельбурн турниріндегі қарсыластары анықталды
Sputnik Казахстан

3 ақпан күні Мельбурнде Grampians Trophy WTA 500 турнирі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бұл жарыс Австралияда қатаң карантинде болған теннисшілер үшін арнайы ұйымдастырылып отыр. Додада Қазақстаннан Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бақ сынайды. Рейтингісі жоғары болғандықтан, Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол америкалық Лорен Дэвис немесе чехиялық Барбора Крейчикованың қай жеңгенімен кортқа шығады.

Юлия Путинцева алғашқы айналымдағы кездесуін испаниялық Джеорджина Гарсия Переспен өткізеді.