«Канелоның» Сондерске қарсы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

«Канелоның» Сондерске қарсы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Inbusiness.kz

Екінші орта салмақта WBC және WBA белбеулерінің иегері мексикалық Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) пен осы салмақта WBO белбеуінің иегері британиялық Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) арасындағы кездесу 8 мамыр күні өтеді.

Бұл туралы америкалық тілші әрі инсайдер Майк Коппинджер хабарлады.

Оның ақпараты бойынша, екі боксшының командасы келісімге келіп қойыпты. Жекпе-жек DAZN платформасында өтеді. Бірақ айқастың нақты қайда болатыны әлі белгісіз.

Бұл кездесудің алдын 27-ақпан күні «Канело» WBC белбеуінің міндетті қарсыласы түркиялық Авни Йылдырымға (21-2,1 2 КО) қарсы кездесу өткізуі керек.

Еске салайық, бұған дейін Альварес Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирнмен екі кездесуге келісімшарт жасаған болатын. Осы екі кездесуден кейін ол қазақстандық Геннадий Головкиннен (41-1-1, 36 КО) кездесу өткізуі мүмкін.