Сауль Альварес рингке қашан оралатыны белгілі болды

Сауль Альварес рингке қашан оралатыны белгілі болды

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес рингке 27 ақпанда оралады, деп хабарлады Prosports.kz.

Ол WBC бойынша міндетті үміткер түркиялық Авни Йылдырымға (21-2,1 2 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. DAZN стриминг сервисі жекпе-жектің ресми постерін жариялады.

Сондай-ақ мамырда Альварес ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен (30-0, 14 КО) жұдырықтасады деп жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесетіні хабарланған болатын.