Месси Чемпиондар лигасында 17 жыл қатарынан гол соққан

Месси Чемпиондар лигасында 17 жыл қатарынан гол соққан

«Барселона» капитаны Лионель Месси Чемпиондар лигасының 1/8 финалында көзге түсті.

ПСЖ-ға қарсы матчтың 27-ші минутында есепті ашқан Месси осымен 17 жыл қатарынан Чемпиондар лигасында гол соқты. Ол алғашқы голын 2005 жылы соққан, деп хабарлады prosports.kz.

Айта кетейік, мұндай көрсеткішке тек «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Рауль 1995-2011 жылдар аралығында жеткен.