Саматәлі Төлтаев Софиядағы жарысты жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшылар Болгарияда халықаралық турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін Софияда бокстан «Странджа-2021» халықаралық бокс бәсекесі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде 60 келіде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Саматәлі Төлтаев жарысты жеңіспен бастады.

Алғашқы айналымда ол түркиялық Айкөл Мизамды 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. 

Айта кетерлігі, аталған халықаралық дода 27 ақпанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ...