Еуропа чемпионы Данияр Елеусіновпен жұдырықтасуға дайын

Жартылай орта салмақта Еуропа чемпионы Давид Аванесян (27-3-1, 15 КО) қазақстандық Данияр Елеусіновке қарсы жұдырықтасуға дайын.

Бұл туралы prosports.kz боксшының менеджері Нил Маршқа сілтеме жасап хабарлады.

«Егер Елеусіновке қарсы жекпе-жек финалдық элиминатор болса, еш қиындығы жоқ, өткізейік», - деді Марш.

Айта кетейік, Давид Аванесян британиялық Джош Келлиді жеңіп, Еуропа чемпионы болған еді.