Жекпе-жектен ел чемпионаты тартысты өтеді – Арман Әшім

Қостанайда жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеде еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық балуан 15 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Жексенбі күні анықталатын жеңімпаздар ұлттық құрамаға алынады. Олар биыл Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Азия және әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Коронавирус індетіне байланысты біріншілік көрермендерсіз өтіп жатыр. Жалпы Тобыл өңірі ересектер арасындағы сайысты өткізу құрметіне тұңғыш рет ие болды. Жергілікті спортсүйер қауым мұның алдында тек жастар мен жасөспірімдер арасындағы бәсекені тамашалаған еді.

Дамир Манарұлы, жекпе-жектен қр бас жаттықтырушысы:

- Қостанай өңірінің төл өнеріміз жекпе-жекті кеңінен насихаттауға және жастарды патриоттық жағынан рухани жағынан мықты болуды сол үшін осындай жарысты ұйымдастырып жатырмыз.

Арман Әшім, жекпе-жектен әлем чемпионы:

- Мына жерге өте мықты балалар келеді және жан-жақты спорттан келеді. Кәсіби деңгейде төбелесіп жүрген балалар жүр осы жерде. Өте қызықты және тартысты жекпе-жектер көп болады.