Триатлоннан Қазақстан командасы Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Триатлоннан Қазақстан командасы Қырғызстанның Шолпан-ата аймағында жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz.

Команда құрамында Дарын Қонысбаев, Арина Шульгина және Александр Автушко бар. Спортшылар 24-25 сәуір күндері Жапонияның Хацукаичи қаласында өтетін Азия біріншілігіне дайындалады. Оқу-жаттығу жиыны наурыздың соңына дейін жалғасады. Алғашқы аптада жергілікті климатқа бой үйрететін спортшылар қалған үш жетіде қызу жаттығу өткізбек.

Еске сала кетейік, триатлоннан биылғы маусым 10 сәуір күні Шымкентте өтетін Қазақстан біріншілігінде ашылады.