Ақтауда дзюдодан ашық Азия кубогі өтеді

Ақтауда дзюдодан ашық Азия кубогі өтеді
ҚР ҰОК

13-14 наурыз күндері Ақтау қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ашық Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге 8 елден 200-ден астам татами шебері қатысады деп жоспарланған.

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай, лицензиялық жарыс саналатын ашық Азия кубогінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпайлар беріледі:

1-орын – 100 ұпай

2-орын – 70 ұпай

3-орын – 50 ұпай

Екі күнге созылатын жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз:

13 наурыз

Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг

Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг

10:00 – жарыстың басталуы

16:30 – жарыстың ресми ашылу салтанаты

17:00 – финалдық кезең

14 наурыз

Ерлер: - 81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг

Әйелдер: - 70 кг, -78 кг, +78 кг

10:00 – жарыстың басталуы

17:00 – финалдық кезең.