Криштиану Роналду Пеленің рекордын бұзды

Криштиану Роналду Пеленің рекордын бұзды

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду голдар саны бойынша футбол королі Пеленің рекордын жаңартып, өз пікірін айтты, деп хабарлады Vesti.kz.

Италиялық А сериясының 27-турында «Кальяриге» (3:1) қарсы матчта Роналду хет-трик жасап, мансабында соққан голдар санын 770-ге жеткізді. Пеленің еншісінде 767 гол бар. 

«Бүгін кәсіпқой мансабымда ресми 770-голды соққан сәтте менің алғашқы сөзім Пелеге арналады. Дүниежүзінде оның ойындары, мақсаттары мен жетістіктерімен тәрбиеленбеген бірде-бір ойыншы жоқ. Мен де солай өстім. Сондықтан мен Пеленің рекордын жаңартып, дүниежүзінде ең үздік сұрмерген атанғанымды түсінгенде қуаныш пен мақтанышқа бөленемін. Мадейрада өскенімде мұндайды армандамадым да.

Осы таңғажайып саяхатта менімен бірге болғанның бәріне рақмет. Командаластарыма, қарсыластарыма, әлемдегі әдемі ойынның жанкүйерлеріне және бәрінен бұрын отбасыма және жақын достарыма алғыс, оларсыз қолымнан келмес еді. Енді келесі ойын мен сынақтарды тағатсыздана күтемін. Кезекті рекордтар мен жүлделер! Бұл сапарым әлі аяқталған жоқ. Болашақ ертеңнен басталады, ал «Ювентус» пен Португалия әлі көп нәрсе жеңеді!», - деп жазды Роналду Instagram парақшасында.

Айта кетейік, «Ювентус» 26 ойыннан кейін 55 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында келеді. Енді туриндік клуб 21 наурызда «Беневентоны» қабылдайды. 

Бұған дейін Роналду футболшылар арасында тағы бір рекорд орнатқан: ол ХХІ ғасырда мыңнан аса матчқа қатысқан жалғыз ойыншы атанған еді.