Латвиялық кайтбординг шеберлері жаңа спорт түрін ойлап тапты

Латвиялық кайтбординг шеберлері жаңа спорт түрін ойлап тапты

Ол кайт-скейтинг деп аталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни желдің күші арқылы парашютпен коньки тебу. Бірақ бір қиындығы – бұл спорт түрімен айналысу үшін алып мұз айдындары қажет екен. Ал оны табу оңай шаруа емес дейді аталған спорт өкілдері. Десе де, биыл олардың жолы болған көрінеді. Сәті түсіп, Балтық теңізін қалың мұз басыпты.

Матисс Липинс, спортшы:

– Бізде осылай коньки тебу мүмкіндігі көп бола бермейді. Әрі кетсе, жылына бір-екі рет қана. Бірақ сол кезде алатын әсер өте керемет. Өйткені сырғанау кезінде ешқандай кедергіні сезбейсің. Жылден жылдам жүйткіп бара жатқандай күйде боласың.