Луис Хэмилтон Бахрейндегі жарыста озып кетті

Луис Хэмилтон Бахрейндегі жарыста озып кетті

Соңғы айналымда қарсыласы Макс Ферстаппен біраз ырғасқан еді.

Десе де, Хэмилтон «Ред Булл» клубының спортшысын 0,7 секундқа басып озды.

Үздік үштікті Хэмилтонның командаласы Валттери Боттас түйіндеді. Алғашқы ондықтың қатарына британдық Ландо Норрис, Мексика өкілі Серхио Перес және Шарль Леклер ілікті. Ал атақты Михаэль Шумахердің ұлы Мик Шумахер мәре сызығын он алтыншы болып кесті. Енді «Формула-1»-дің келесі кезеңі Италияда 16-18 сәуір аралығында өтеді.