Майамидегі «Masters»: Александр Бублик ширек финалда бақ сынайды

Майамидегі «Masters»: Александр Бублик ширек финалда бақ сынайды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Майамидегі «Masters» турнирінде ширек финалға жолдама алды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Төртінші айналымда Бублик әлемнің 32-ші ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцпен кездескен болатын. Аталған сын 2:1 (7:6, 6:3, 6:4) есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Бұған дейін Тейлор мен Бублик екі рет кездесіп, екеуінде де отандасымыз жеңіске жеткен болатын. 

Ширек финалда Александр әлемнің 31-ші ракеткасы, италиялық Янник Синнермен кездеседі.