Дмитрий Баландин Ресей чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Дмитрий Баландин Ресей чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Қазанда жүзуден Ресей чемпионаты жалғасып жатыр.

Төртінші жарыс күнінде спортшылар 200 м қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша іріктеу өтті, деп хабарлады Olympic.kz.

Аталған санат бойынша қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды. Ол тиісті қашықтықты 2:11.61 уақытта жүзіп өтті. Ресейлік Антон Чупков 2:09.98 уақытта бағындырып, іріктеуде көш бастады.

Айта кетерлігі, жартылай финалдық бәсеке 6 сәуір күні өтеді.