Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлады vesti.kz УЕФА-ға сілтеме жасап.

Чемпиондар лигасы 1/4 финалындағы мюнхендік «Баварияға» қарсы матчта (3:2) франциялық ойыншы дубль жасады.

Осылайша, Мбаппе Чемпиондар лигасы 1/8 және 1/4 финалының сырт алаңдағы ойында бес гол салған бірінші футболшы болып отыр. 

Чемпиондар лигасындағы ПСЖ – «Бавария» командаларының қарымта кездесуі 13 сәуірде Париждегі «Парк де Пренс» стадионында өтеді.