Баландин Ресейде күміс медаль иеленді

Жүзуден Қазан қаласында өтіп жатқан Ресей чемпионатында Дмитрий Баландин күміс медальға қол жеткізді.

Ұлттық құрама үздігі 200 метрлік сында мәреге екінші келді. Ол бұл қашықтықты брасс әдісімен 2 минут 8 секундта бағындырды. Ал бірінші және үшінші орынды ресейлік Антон Чупков пен Кирилл Пригода бөлісті.

Айта кетейік, бұған дейін Баландин 50 және 100 метрлік бәсекеде өнер көрсетті. Алайда жүлдеге іліге алмай, төртінші және жетінші орынды қағанат тұтты.

Баландин Ресейдегі жарыста финалға шықты