Үстел теннисінен биылғы әлем чемпионатының өтетін уақыты белгілі болды

Үстел теннисінен биылғы әлем чемпионатының өтетін уақыты белгілі болды

Үстел теннисінен 2021 жылғы әлем чемпионаты АҚШ-та өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.

Халықаралық үстел теннисі федерациясының атқарушы комитетінің отырысында осындай маңызды шешім қабылданды. Әлемдік біріншілік биылғы 23-29 қараша күндеріне жоспарланған. Әлем үздігін анықтау үшін спортшылар Хьюстон қаласында бас қосады.