Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Екатерина Быкова қола медальға ие болды

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Екатерина Быкова қола медальға ие болды

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз Екатерина Быкова қола медальға ие болды.

Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде 91 келіні ырқына көндірсе, серпе көтеруде 122 келі зілтемірде басынан асырды. Осылайша, Екатерина Быкова Өзбекстан және Иран спортшыларын артта тастап, жарыстың қола жүлдесін еншіледі. Ал осы салмақта өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Аиша Омарова 4-орынға тұрақтады. Қазақстандық спортшы қос сайыс нәтижесі бойынша 200 келіні ырқына көндіре алды. Жеңіске филиппиндік атлет жетсе, күміс медальді түрікмен спортшысы еншіледі.

Екатерина Быкова, Азия чемпионатының қола жүлдегері:

- Алтын немесе күміс жүлдеге жету жоспарда болған. Бірақ 1,5 жылдай оффлайн жарыстарға қатыспадық. Барлығы онлайн болды. Соның салдарынан қобалжыдым. Жалпы бұл жетістігіме көңілім толады.