«Атырау» өз алаңында «Каспийден» басым түсті
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 9-турында «Атырау» өз алаңында ақтаулық «Каспийді» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 2:1 есебімен аяқталды. Үш гол да бірінші таймда соғылды.
16-минутта Брайан атыраулықтарды алға шығарды, екі минуттан соң Алекс Бруно есепті ұлғайтты. 39-минутта Давид Караев пенальтиден гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.
«Атырау» - «Каспий» 2:1 (2:1)
Голдар: Брайан 16, Бруно 18, Караев 39