Таеквондошылар лицензиялық турнирге дайындалып жатыр

Таеквондошылар лицензиялық турнирге дайындалып жатыр

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Ташкент қаласында Олимпиадаға лицензиялық турнирге дайындалып жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.

Өзбекстан жерінде ел құрама сапынан сегіз спортшы бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып, шеберліктерін шыңдап жатыр. Елдос Ысқақ (58 кг), Елдар Бірімбай (63 кг), Ерасыл Қайырбек (68 кг), Қайрат Сарымсақов (74 кг), Рахым Әділханов (80 кг), Руслан Жапаров (+87 кг), Фариза Алдоңғарова (53 кг) мен Жансель Дениз (73 кг) 18 мамырға дейін жаттығады.

Ұлттық құрама жаттығу жиындары аяқталғаннан кейін Иорданияның Амман қаласында Олимпиада іріктеу турниріне аттанады. 21-22 мамыр күндері өтетін жауапты додаға Фариза Алдоңғарова, Жансель Дениз, Қайрат Сарымсақов пен Руслан Жапаров қатысады.