Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет елге олжалы оралды

Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет елге олжалы оралды

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында Женева және Лион ATP 250 турнирлерінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Андрей Голубев хорватиялық Марин Чиличпен бірге ширек финалда оңтүстікафрикалық және жапониялық спортшылармен кездесті. Қарсылас жұп 1 сағат 21 минутқа созылған матчта жеңіске жетті. Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов италиялық спортшымен бірге Лионда бразилиялық және мексикалық тенисшілермен жартылай финал жолдамасын сарапқа салды. 1 сағат 24 минутқа созылған бәсекеде Недовесов пен Вавассори жеңіліп қалды.

***

Бек Нұрмағанбеттің төртінші жеңісі

Әуесқойлар арасындағы Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет елге олжалы оралды. Ол Новосібірде Boxing Night №5 кешінде екінші орта салмақта 29 жастағы танзаниялық Тваха Касиммен кездесті.

Боксшылар 8 раунд бойы жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті қазақ спортшысына берді. Бұл – Бектің кәсіби бокстағы төртінші жеңісі.

***

Данила Семенов қарсыласын нокаутқа жіберді

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данила Семенов та танзаниялық былғары қолғап шеберімен кездесті. Ол Осборн Мачинамаға қарсы шаршы алаңға шығып, қарсыласын екі жарым минуттан кейін нокаутқа жіберді. Осылайша, жерлесіміз кәсіби мансабында үшінші рет жеңіске жетіп отыр.

***

Е.Павлов та танзаниялық боксшыны есеңгіретті

Тағы бір боксшымыз биіктен көрінді. Петропавлдық Евгений Павлов осы бокс кешінде танзаниялық Насибу Рамадханимен қарсылас жұдырықтасты. Жерлесіміз бесінші раундта соққыларын үдете түсіп, осылайша, раундың аяқталуына 1 минут 13 секунд қалған кезде Насибуды нокаутқа жіберді.

***

Астаналық О.Родригес «Вуэльта Андалусииде» 10-орында

Англиядағы «Вуэлта Андалусии» көпкүндік веложарыстың үшінші кезеңі өтті. Велошабандоздар таулы аймақта 176 шақырымға созылған жарыс жолын бағындырды. Бұл сайысқа қатысқан «Астана» командасының мүшесі Оскар Родригес мәреге 10-шы болып келді. Ал бірінші болып «Астананың» бұрынғы велошабандозы Мигель Анхель Лопес келді.

***

А.Власов «Джиро Д' Италияда» екінші орынды сақтап қалды

Ал Александр Власов «Джиро Д' Италияда» жалпы есепте екінші орынды сақтап қалды. Власов веложарыстың 12-ші кезеңінде 28-ші болып мәреге сызығын кесті.