Джокович ең көп жеңіске жеткен теннисшілер тізімінде 5-орынға көтерілді
Белградтағы турнирдің екінші айналымында неміс Матс Мораингті 6:2, 7:6 (7:4) есебімен жеңген әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Джокович мансабындағы 951-жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осылайша ол Ашық дәуірдегі (Open Era) жеңістер саны бойынша аргентиналық Гильермо Виласпен теңесіп, бесінші орынға шықты.
Үздік бестікке мына спортшылар кіреді:
1. Джимми Коннорс – 1274 жеңіс.
2. Роджер Федерер – 1243.
3. Иван Лендл – 1068.
4. Рафаэль Надаль – 1022.
5. Новак Джокович және Гильермо Вилас – 951.
Айта кетейік, жарыстың келесі кезеңінде Джокович аргентиналық Федерико Кориамен кездеседі.