Бахтиер Зайнутдиновтің трансферлік бағасы белгілі болды

Бахтиер Зайнутдиновтің трансферлік бағасы белгілі болды
Vesti.kz

Transfermarkt порталы Қазақстан құрамасы мен мәскеулік ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің нарықтағы бағасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бахтиердің трансферлік құны өзгермеген – әлі де 3,5 миллион еуро. Ол Ресей премьер-лигасындағы ең қымбат қазақстандық саналады.

Сондай-ақ Зайнутдинов – ең қымбат қазақстандық футболшы. Бұған дейін рекорд Бауыржан Исламханда болған. Ол 3 миллион еуроға бағаланған еді.