Воскобоева Уимблдон турнирінің бірінші айналымында сүрінді

Воскобоева Уимблдон турнирінің бірінші айналымында сүрінді
Prosports.kz

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Уимблдон турнирінің жұптық сынында екінші айналымға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Уругвайлық Ариэль Бехармен бірге өнер көрсеткен Воскобоева алғашқы айналымда үндістандық Дивак Шаран мен британиялық Саманта Мюррейге есе жіберді.

2 сағат 3 минутқа созылған кездесу 6:3, 5:7, 6:4 есебімен аяқталды.