Еуро чемпионатында Англия жартылай финалда ойнайды

Еуро чемпионатында Англия жартылай финалда ойнайды

Еуропа чемпионатының ширек финалында Англия Украинаны тас-талқан ұтып, келесі айналымға жолдама алды. 

Матчтың небары төртінші минутында Харри Кэйн есеп ашқан еді. Екінші таймда ағылшындар шабуылын үдетті. Нәтижесінде тағы үш гол соқты. Мысалы, «Тоттенхэмнің» шабуылшысы Кэйн елуінші минутта дубль авторы атанды. Қорғаушы Харри Магуайар мен жартылай қорғаушы Джордан Хандерсон да көзге түсті. Қорытынды есеп 4:0. Өз мықтылығын паш еткен ағылшындар жартылай финалда өнер көрсетеді.