«Қазақстан Барысының» жеңімпаздары анықталды

Осымен оныншы рет өткен балуандар бәсекесі де мәресіне жетті.

«Қазақстан барысы-2021» атағын және 25 млн теңге, алтын белбеу мен «тайтұяқ» жүлдені Дәурен Нұралинов жеңіп алды. Оның бапкеріне 3 млн 500 мың теңге табысталды.

Күміс белбеу иегері Ғалымжан Қырықбайға 5 млн 500 мың теңге бұйырды, оның бапкеріне 1 800 мың теңге берілді.

Қола жүлдегер маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповқа 1 млн 800 мың теңге табысталды. Қола белбеу үшін өткен белдесуде ол Ақтөбе облысының үміті Еламан Ерғалиевті «таза жеңіспен» ұтқан болатын.

Нұрдәулет Жарылғаповтың бапкері 900 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында қазақ күресінен әлем чемпионы, Мажарстан астанасында дзюдодан өткен 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа 1 млн теңгенің сертификаты табысталды.