Фируза Шарипованың Нұр-Сұлтандағы жекпе-жегі өтпейді
Фируза Шарипованың Нұр-Сұлтандағы жекпе-жегі өтпейді, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz-сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы, үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Фируза Шарипова келесі жекпе-жегін 6 шілде күні Нұр-Сұлтанда өткізуді жоспарлаған. Өкініштісі, ресейлік Ангелина Семеноваға қарсы бұл жекпе-жек өтпейді. Себебі әзірге белгісіз.
Еске салайық, Фируза Шарипова WBA рейтингінде көш бастап тұр. Әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тейлормен кездесуге міндетті үміткер болып табылады.