Юлия Путинцева Венгриядағы WTA турнирінің финалына шықты

Юлия Путинцева Венгриядағы WTA турнирінің финалына шықты

Будапештте теннистен WTA турнирі жалғасып жатыр. Қазақстандық Юлия Путинцева финалға жолдама алды, деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай финалда Путинцева венгриялық Далма Галфиден басым түсті. Есеп -  6:2, 3:6, 6:2.

Финалда Юлия украиналық Ангелина Калининанаға қарсы шығады.