Қазақстанда Олимпиада ойындарын көрсетпеуі мүмкін

Қазақстанда Олимпиада ойындарын көрсетпеуі мүмкін

Олимпиада ойындарының басталауына бір аптадан аз ғана уақыт қалды. Дегенмен әлі күнге дейін Қазақстанда әлі қай арна көрсететіні белгісіз, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін отандық журналист Сергей Райлян Facebook-парақшасында жазды. Ол ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға жолдау жасады. 

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақтоты Райымқұловаға сұрақ: «Не себепті телевидениеден Олимпиада-2020 көре алмаймыз?» – деп жазды журналист. 

Қазақстан ұлттық арнасының баспасөз хатшысы Айдын Дүйсенбайқызы Prosports.kz сайтына трансляция мәселесі әлі шешілмегенін, жақын уақытта белгілі болатынын айтты.