ПСЖ Поль Погбаны сатып алуы мүмкін

ПСЖ Поль Погбаны сатып алуы мүмкін
eurosport.ru

«Манчестер Юнайтед» пен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба алдағы уақытта ағылшын командасынан кетуі мүмкін. 

Daily Mail басылымының ақпараты бойынша, «Манчестер Юнайтед» Погбаны тегін жібермеу үшін 28 жастағы футболшыны сатудың әрекетін жасауда. Франциялық жартылай қорғаушының келісімшарты келесі жылы аяқталады. Ал Поль келісімді ұзартқысы келмей жатыр, деп жазады vesti.kz. 

Бұл жағдайды «Пари Сен-Жермен» командасы мұқият бақылап отыр. Париж командасы жартылай қорғаушыны 50 миллион еуроға сатып алуға ниетті. Қазіргі уақытта футболшының агенті Мино Райола өз клиентіне жақсы келімшарт жасап беруі үшін ПСЖ командасының басшылармен келіссөз жүргізуде. 

Айта кетейік, Погба өткен маусымда ағылшын біріншілігінде 26 кездесуге қатысып, үш гол соғып, үш голдық пас берді.