Қазақстан спортшылары Токиодағы Олимпиада шеруінде жүріп өтті

Қазақстан спортшылары Токиодағы Олимпиада шеруінде жүріп өтті
ФОТО: Сали Сабиров, Тұрар Қазанғапов. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылар салтанатты шеруде жүріп өтті.

Токиодағы спортшылардың шеруін әдеттегідей Грекия құрамасы бастады.

Көп кешікпей Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылар шеруден көрінді. Бұл жолы көк туымызды боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова ұстап шықты.

Қазақстан олимпиадалық командасының сапында 97 лицензия жеңіп алған 96 спортшы бар.

Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.