Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Токио Олимпиадасында теннисшілер бәсекесі жалғасуда. Қазақстандық Михаил Кукушкин бірінші кезеңнен сүрінбей өтті, деп жазды Olympic.kz.

Кукушкин аргентиналық Федерико Кориамен кездескен болатын. Екі сетке созылған матчта қазақстандық теннисші 7:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. 

Кездесу 2 сағат 10 минутқа созылған.