Наоми Осака жарыс жолынан шығып қалды

Наоми Осака жарыс жолынан шығып қалды
Eurosport

Тағы бір сенсация. Әлемнің номері екінші теннисшісі Наоми Осака жарыс жолынан шығып қалды.

Ол Олимпиада ойындарының үшінші айналымында чехиялық Маркета Вондрошувамен кездескен. Ойын бір сағат тоғыз минутқа созылды. Нәтижесінде жапон қызы 6:1, 6:4 есебімен есе жіберді. Токио Олимпиадасының алауын жаққан Наоми басты фавориттердің бірі болған еді. Матч барысында ол бір эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде екі рет қателесті. Бес брейк жасайтын мүмкіндіктің біреуінде қолдана алмады. Ал оның қарсыласы үш эйс және бес брейк істеді. Соның арқасында ширек финалға шықты.

Айта кетейік, бұған дейін әлемнің бірінші ракеткасы Эшли Барти де жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Сонымен кезекті жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте қырық жетінші тұр. Қоржында үш қола. Ал топ басына 10 алтын алып үлгірген Жапония құрамасы жайғасты. Үздік үштікті АҚШ пен Қытай түйіндеп тұр. Токиодағы бәсеке 8 тамызға дейін жалғасады.