Шведова мен Голубев Токиодағы аралас жұптық сында жеңіліп қалды

Шведова мен Голубев Токиодағы аралас жұптық сында жеңіліп қалды
Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Токио Олимпиадасында теннистен аралас жұптық сайыстың алғашқы кезеңі басталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Ярослава Шведова мен Андрей Голубев жұбы қарсыластарына есе жіберді деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Шведова мен Голубев бірінші айналымда жапониялық Эна Шибахара және Бен Маклаклан жұбына қарсы шыққан болатын. 

Екі сетке созылған матчта қазақстандық теннисшілер 3:6, 6:7 есебімен қарсыласқа жол берді. 

Айта кетелік, бүгін теннистен әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық Елена Рыбакина жартылай финалға жолдама алды.