Ольга Рыпакова Олимпиадада тұңғыш рет медальсіз қалды

Ольга Рыпакова Олимпиадада тұңғыш рет медальсіз қалды
sports.kz

Үш бірдей олимпиаданың жүлдегері іріктеу кезеңінде 13,69 метрге секірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда бұл нәтиже оны ақтық сайысқа алып шыға алмады. Ольгадан бөлек, аталған спорт түрінен Мария Овчинникова мен Ирина Эктова да финалдан тыс қалды. Сайыс қорытындысы бойынша олар 26-шы және 31-орынға табан тіреді.