Токио 2020: Мейрамбек Айнағұлов қырғыз спортшысынан ойсырай ұтылды

Токио 2020: Мейрамбек Айнағұлов қырғыз спортшысынан ойсырай ұтылды
Olympic.kz

Токиода Олимпиада ойындары аясында күрес түрлерінен 1/8 финалы өтіп жатыр.

60 келіде белдескен Мейрамбек Айнағұлов алғашқы қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Балуан Мейрамбек қырғызстандық Жоламан Шаршенбековтен жеңілді. Белдесуді 8:0 есебімен айқын басымдықпен аяқтаған қырғызстандық балуан келесі айналымға өтті. 

Айта кетерлігі, Қырғызстан балуаны Шаршенбеков финалға шыққан жағдайда Мейрамбек Айнағұлов жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.