Байдаркада есуден Наталья Сергеева Олимпиаданы ширек финалдан аяқтады  

Байдаркада есуден Наталья Сергеева Олимпиаданы ширек финалдан аяқтады   
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Токио Олимпиадасында байдарка мен каноэ есуден ширек финал мәресіне жетті, деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдер арасында біркісілік байдаркада есуден 200 м қашықтықта сынға түскен Наталья Сергеева Токио Олимпиадасын сәтсіз аяқтады. Ширек финалда жетінші орыннан көрініп, жартылай финалға шыға алмады. 

Айта кетерлігі, Наталья Сергеева 4 тамыз күні 400 м қашықтық бойынша жарыс жолына шығады.