Этникалық қазақ Олимпиаданың қола жүлдесі үшін белдеседі

Этникалық қазақ Олимпиаданың қола жүлдесі үшін белдеседі
Сурет: flowrestling.org

Грек-рим стилінде күресетін қытайлық қазақ Уәлихан Сәйліке Токио Олимпиадасының қола жүлдесі үшін белдеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Уәлихан 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. 1/8 финалда ол германиялық Этьен Кинсингерді жыққан. Ширек финалда жапон балуаны Кеничиро Фумитаға есе жіберіп, жұбату белдесуіне шығуға мүмкіндік алды. Бұл кездесуде Алжир өкілі Абелькарим Фергатты жеңді. Осылайша қытайлық қандасымыз қола жүлде үшін украиналық Ленур Темировпен күреседі. Белдесу бүгін, 2 тамыз Қазақстан астанасының уақытымен 16:30-да өтеді.

Еске салайық, бұл салмақта Қазақстан атынан Мейрамбек Айнағұлов өнер көрсеткен. Алайда ол бірінші белдесуінде-ақ қырғызстандық балуан Жоламан Шаршенбековтен жығылды.