Токио-2020: су добынан Қазақстан командасы Австралияға есе жіберді

Токио-2020: су добынан Қазақстан командасы Австралияға есе жіберді
Olympic.kz

Токио Олимпиадасында су добынан іріктеу кезеңі аяқталуға жақын. Қазақстан командасы кезекті рет жеңіліске ұшырады деп жазады Olympic.kz. 

Бүгін Александр Шведов шәкірттері Австралияға қарсы ойнаған болатын. 

Кездесуде қазақстандықтар 7:15 есебімен жеңіліске ұшырады. 

Айта кетелік, бұған дейін отандық ватерполшылар Испания, Сербия, Черногория және Хорватия командаларына жол берді.