Токио 2020: Бүгін Қазақстан атынан кімдер сынға түседі?

Токио 2020: Бүгін Қазақстан атынан кімдер сынға түседі?
фото: static01.nyt.com

Бүгін Токиодағы Олимпиада төрінде бокстан 91 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғайтын Қамшыбек Қоңқабаев финалға берілер жолдаманы сарапқа салады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық құраманың капитаны жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:20-да басталады деп жоспарланған. Сондай-ақ велошабандоз Сергей Пономарев спринтте жүлдеге таласып көреді. Еркін күрестен Нұрислам Санаев Олимпиададағы алғашқы белдесуін өткізеді. Сегізден бірінші финалда қазақстандық палуанға Гвинея-Бисау өкілі қарсы тұрады. Бұдан бөлек, бүгін байдарка және каноэ есуден Маргарита Торлопова мен Наталья Сергеева бақ сынайды.