Токио-2020: Дархан Асаділовтің жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

Токио-2020: Дархан Асаділовтің жартылай финалдағы қарсыласы анықталды
ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Каратэден 67 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасының жартылай финалдық жұптары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

«А» тобында сынға түсіп, барлық қарсыластарынан басым түскен Дархан Асаділов өз тобында бірінші алды.

Жартылай финалда Дархан «В» тобының көшбасшысы, франциялық Стивен да Костамен кездеседі.

Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Сондай-ақ:

Токио-2020: каратэші Дархан Асаділов іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Тағы бір медаль: каратэші Дархан Асаділов мерзімінен бұрын Олимпиаданың жартылай финалына өтті