Токио-2020: каратэші Нұрқанат Әжіқанов топтық кезеңді жеңіспен бастады

Токио-2020: каратэші Нұрқанат Әжіқанов топтық кезеңді жеңіспен бастады

Токиода каратэден екінші жарыс күні басталды. Бүгін Қазақстан атынан 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Әжіқанов сынға түсуде, деп жазды Olympic.kz 

Жеребеге сәйкес Әжіқанов В тобына түсті. Оның қарсыластары – Цунэари Яхиро (Австралия), Ноа Битщ (Германия), Луиджи Буса (Италия) және Рафаэль Агаев (Әзірбайжан).

Бірінші кездесуде Нұрқанат австралиялық Цунэари Яхироны 6:3 есебімен ұтты. 

Екінші жекпе-жекте Әжіқанов германиялық Ноа Битщпен кездесіп, 3:3 есебімен тең түсті. Алайда қосымша көрсеткіштер бойынша жеңіс Ноаға берілді.

Үшінші кездесуде қазақстандық каратэші өте маңызды жеңіске жетті. Ол италиялық тәжірибелі спортшы Луиджи Бусаны 2:0 есебімен ұтты.  

Айта кетелік, жартылай финалға екі топтағы үздік екі спортшыдан жолдама алады.