Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасында үздік бестікке енді

Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасында үздік бестікке енді
olympic

Еркін күрестен Токио Олимпиадасында 74 келі салмақта белдесіп, қола медальға күрескен Данияр Қайсанов қарсыласына есе жіберді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қайсанов қола жүлде үшін күресте өзбекстандық Бекзод Абдурохмановпен кездескен болатын. 

Өкінішке қарай, кездесу басталған бетте Абдурохманов алға ұмтылып, белдесуді уақытынан бұрын бітірді. 

Есеп - 13:2, өзбек балуанының жеңісі. 

Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтап отыр.