Лионель Месси қай командаға ауысатын болды?

Лионель Месси қай командаға ауысатын болды?

Лионель Месси «ПСЖ» -мен келісімшартқа отыруы мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24 Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Аргентиналық футболшы Лионель Месси бейсенбіде француздық «Пари Сен-Жермен» клубымен келісімшартқа отыру туралы хабарласқан, деп хабарлайды Reuters Le Parisien-ге сілтеме жасап.

Бейсенбіде испандық «Барселона» Месси клубпен жаңа келісімшартқа отырмайтынын мәлімдеді. Аргентиналық ойыншы еркін агент атанды.

Француз газетінің хабарлауынша, ПСЖ басшылығы 34 жастағы аргентиналық шабуылшымен келісімшартқа отыру үшін қаржылық жоспар әзірлеп жатыр.

Сонымен қатар, футбол трансферттеріне маманданған итальяндық журналист Фабрисио Романо да Мессидің «ПСЖ» -мен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, Месси ауысу үшін бір күн бұрын «ПСЖ» бас бапкері Маурисио Почеттиноға тікелей хабарласқан, ал француз клубы мұны қалай жасау керектігі туралы ішкі талқылаулар өткізген.

5 тамызда «Барселона» Мессимен келісімді ұзартпайтынын мәлімдеген болатын. Бұл Испания лигасының регламентінде көрсетілген қаржылық және құрылымдық кедергілерге байланысты болды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық футбол клубы да аргентиналық атақты футболшыға әлеуметтік желіде ұсыныс жасаған болатын.