Қызылордада ұлттық спорт мектебін ашу туралы ұсыныс жасалды

Қызылордада ұлттық спорт мектебін ашу туралы ұсыныс жасалды

Қызылорда облысында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы атуға қабілетті жастардың саны мыңнан асады. Бірақ олардың басын қосып, баулитын орта болмай тұр. Тек 200 адам қатысатын клуб ғана жұмыс істейді. Жалпы елдегі 13 өңірде мамандандырылған ұлттық спорт мектебі бар. Тек осы Сыр бойында жоқ. Сондықтан кенжелеп қалған осы ұлттық спорт түрлерін бұл өңірде де дамыту міндеті тұр.   

Бекболат Тілеухан, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті:

- Кез келген нәрсе дамуы үшін мектептен басталады. Ұлттық спорт мектебінің болмауы көңіл көншітер шаруа емес. Сондықтан бірнеше ұсыныстарымызбен келдік. Кейбір кадрлық мәселелерге байланысты, кейбір спорт түрлері аккредитациядан өтпеген мысалы үшін. Біраз мәселенің басын ашып алған сияқтымыз. Негізі мен өз басым үлкен сенім артамын. Ұлттық спорттың Сыр өңірінде дамитынына ешқандай күмәнім жоқ. Тек ғана қозғау керек.